Жол саласындағы нормативтік-техникалық базаны жақсарту үшін «ҚазжолҒЗИ» мамандары үздік халықаралық тәжірибе мен отандық стандарттарды талдайды.
✔ 2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда әлемдік талаптарға жауап беретін пилоттық жобаларды сынақтан өткізу, оның ішінде SuperPave қағидаттарын енгізу басталады. Жоғары пайдалану сенімділігіне ие асфальтбетон құрамын әзірлеудің бұл әдісі жол төсемінің үлкен температура ауытқуларына төзімділігін қамтамасыз етеді.