Цемент-бетон жабындарын сақтап қалуға арналған материалдар құрамдарының тиімділігін анықтау мақсатында «ҚазжолҒЗИ» отандық өндірушілер арасында конкурстық сынақтарды жүргізді. Алғашқы сынақтар «Астана-Щучинск» автомобиль жолының учаскесінде өткізілді.
Конкурстық сынақтар барысында әртүрлі материалдардың функционалдық қасиеттері туралы деректер жиналады, ол жеткізушілерге өз өнімдерін жақсартуға және әртүрлі ақауларды жоюға мүмкіндік береді.
Конкурстың нәтижелері келесі жылдың көктемінде айқындалатын болады, содан кейін ведомстволық ұйымдардың қатысуымен цементбетон жабындарын күтіп-ұстау кезінде нарықта бар материалдардың сапасы мен оларды қолданудың орындылығы талқыланады.
Конкурстық сынақтарға қатысқан компаниялар:
- «Азия Roads» ЖШС «Реджувасил» (Rejuvaseal) сіңіргіш құрамы
- «НТС-Казахстан» ЖШС «Qsmart-P» сіңіргіш құрамы
- «Engineering Procurement Services Kazakhstan» ЖШС Гидрофобтандырғыш құрамы Лепта 300
- «Claycrete Kazakhstan» ЖШС Radcon Formula #7