Институттың вице-президенті Айдос Оралғажыұлы Елшібаев және Ғылыми орталықтың директоры Елена Александровна Суппес бастаған мамандар Өзбекстандық "Автожол ғылыми-зерттеу институты" өкілдерімен жұмыс сапары аясында кездесті.
Кездесу аясында жол саласының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Институттың материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ кәсіби қызметтің негізгі бағыттарымен танысты.
Сондай-ақ ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі талқылады. Сапар аясында тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.