Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері бүгін Астана қаласына Цзянсу Ұлттық жол ғылыми-зерттеу орталығынан келген (ҚХР) әріптестерімен кездесті.
Кездесу барысында көлік инфрақұрылымын жобалаудың жаңа әдістерін енгізу және негізгі зерттеу жобаларын іске асыру перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ аталған сапар аясында делегация «ҚазжолҒЗИ» АҚ сынақ зертханасына, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы жолдар дирекциясының дата-орталығы мен кеңсесіне барды.
Айта кетерлігі, биыл көктемде Қытайға жасалған сапар барысында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерінен құралған делегация Jiangsu Transportation Institute ұйымымен ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойған болатын.