Jolshy журналын (ҚазжолҒЗИ Жаршысы) жариялау жұмыстарының қайта басталғанын және «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 65 жылдығына орай мерейтойлық нөмірінің жарық көргенін қуана хабарлаймыз.
Jolshy – Көлік министрлігі жанындағы Қазақстан жол-ғылыми институтының заманауи және озық зерттеулерді жариялайтын автожол саласына арналған салалық журнал. Онда автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды жобалаудың, салудың, жөндеудің және күтіп-ұстаудың ғылыми және практикалық аспектілерін, құрылыс сапасын диагностикалау мен бақылауды, ақпараттық технологияларды, жол қауіпсіздігін, сондай-ақ, жол-құрылыс материалдары мен жолдарды басқарудың интеллектуалды жүйелерінің соңғы жетістіктері көрініс табады. Журнал жылына төрт рет шығарылады.
Журналдаға саланың еңбек сіңірген қайраткерлерімен сұхбаттасу блогы, сондай-ақ автожол саласындағы соңғы жаңалықтар мен жұмыстар туралы ақпарат үнемі жарияланатын жаңалықтар бөлімі ерекше құнды болып отыр. Журналдың электрондық нұсқасымен https://jarshy.qazjolgzi.kz/ru/ сілтеме бойынша танысуға болады.
Сіздерді өз зерттеулеріңіз бен жетістіктеріңізді кең аудиториямен таныстыруға бірегей мүмкіндік беретін Jolshy (ҚазжолҒЗИ Жаршысы) журналының келесі санына қатысуға шақырамыз. Мақалаларды жариялау тегін.
Мақалаларды ұсыну үшін оларды журнал талаптарына сәйкес рәсімдеп, біздің сайт арқылы жолдаңыз: https://jarshy.qazjolgzi.kz/ru/ .
Қосымша ақпарат алу және мақалаларды жолдау үшін бізге +7 (7172) 72-98-19, +7 775 688 20 94 телефондары арқылы хабарласыңыз.
Сіздің ғылыми жұмыстарыңызды асыға күтеміз!
«ҚазжолҒЗИ» баспасөз-қызметі +77786737803