Жобаларды басқару бойынша қызметтер көрсету шеңберінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ ұзындығы 85 шқ «Күрті-Бурылбайтал» автомобиль жолын I-б техникалық санатқа қайта құру жобасына жұмылдырылды, жоба Дүниежүзілік банктің қаржыландырылуымен жүзеге асырылуда.
Аталған автомобиль жолының бұл телімі Орталық-Оңтүстік транзиттік дәлізінің «Астана-Қарағанды-Балқаш-Қапшағай-Алматы» құрамына кіреді және «Күшті өңірлер - елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасына енгізілген.
III техникалық санаттағы қолданыстағы жол өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған және қазіргі жүк автокөлік құралдарының осьтік жүктемесі кезінде жол төсемесі құрылымының өткізу қабілеті мен сенімділігін қамтамасыз етпейді.
2022 жылғы 12 желтоқсанда «KLV INSAAT A.S.» АҚ компаниясымен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға арналған келісімшартқа қол қойылды.
Мердігер ұйым 217 бірлік техника мен 414 білікті қызметкерді жедел жұмылдырды, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда «KLV INSAAT A.S» АҚ тарапынан С4 құрамынан 2,5 шқ негіздің төменгі қабаты; 14,0 шқ төсеме қабат, 360 мың м3 жер төсемесінің үйіндісі салынды, 6 су өткізгіш құбыр монтаждалды және 100 мың м3 шағыл тас (36%), 0,86 мың м3 ТББ (31%), 130 мың м3 ҚҚҚ (30%) және 7 мың тонна битум (39%) дайындалды.
Осы демалыс күндері Мердігер ұйым асфальтбетон қабаттарын салу жұмыстарын бастайды.
Жалпы, жұмыс жоспарына және «KLV INSAAT A.S.» АҚ алдына қойған міндеттеріне сәйкес ағымдағы жылдың өзінде бір бағыт бойынша жаңа жамылғымен жол жүруді қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жобаны аяқтау 2024-2025 жылдарына қарастырылған.