Логистика және көлік академиясының 20 студенті Алматыдағы "ҚазжолҒЗИ" АҚ сынақ зертханасында өндірістік тәжірибеден өтті.
Бастапқыда оқу гранттарын алған кейбір студенттер көлік саласы бойынша тәжірибені ынта-жігерсіз таңдағанын мойындады. Алайда, зертханада уақыт өткізгеннен кейін олардың пікірлері түбегейлі өзгергендерін айттып бөлісті.
"Бұрын біз жолшыларды дулыға, күрек және шаңды жилет киген жұмысшы ретінде елестететінбіз. Енді біз бұл өте сұранысқа ие, маңызды, құрметті және жоғары ақы төленетін мамандық екенін түсініп отырмыз", — деп студенттер өз пікірлерімен бөлісті.
"Студенттердің өздері мойындағандай, ҚазжолҒЗИ -дағы тәжірибе олардың жол саласына деген шынайы қызығушылығын оятып, олардың алдында жаңа көкжиектер ашып, болашақ мамандықтарының маңыздылығын тереңдете түсті", - деп атап өтті Алматы ИЛ меңгерушісі Ғалия Асанова.