30 маусымда өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің өзекті мәселелеріне және Қазақстанда жол құрылысында күкіртті пайдалану әлеуетіне арналған бірінші халықаралық семинар өткенін хабарлаймыз. «ҚазжолҒЗИ» АҚ ұйымдастырған іс-шараға Италия, Хорватия, Канада, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші мамандары мен сарапшылары қатысты.
Семинар барысында күкіртті жол саласында қолдануға байланысты маңызды тақырыптар мен баяндамалар ұсынылды. Тәжірибелі сарапшылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, күкіртті асфальтбетоннан жол салу, құрамында күкірт бар композициялық материалдарды пайдалану перспективалары және күкіртті Италия, Хорватия, Канада, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанда жол-құрылыс материалы ретінде енгізу тәжірибелері туралы баяндады.
Семинар барысында қатысушылар тәжірибе мен білім алмаса алды. Италия, Хорватия, Канада, Ресей, Өзбекстан және Қазақстаннан келген ғалымдар, инженерлер, университеттер мен компаниялардың өкілдері өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және «күкіртті» пайдаланудағы ғылыми жетістіктерді, ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара гибридті форматта өтті. Бұл қатысушыларға іс шараға: Астана қаласындағы институт ғимаратында қатысу немесе ZOOM онлайн-платформасы арқылы қосылу мүмкін болды. Атамыш тәсілдің арқасында өзге елдердің мамандарына семинарға қатысуға және талқылауға үлес қосуға мүмкіндік берді.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ халықаралық семинарға қатысқан барлық спикерлер мен қатысушыларға алғысын білдіреді. Семинар Қазақстан Республикасының жол құрылысында күкіртті тәжірибелік қолдану мен ғылыми зерттеулерді дамытудағы маңызды қадам болды. Семинарда ұсынылған нәтижелер мен баяндамалар күкіртті пайдаланудың және жол саласындағы өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің тиімді және тұрақты әдістерін одан әрі дамытуға ықпал етеді деп үміттенеміз.