ҚазжолҒЗИ мамандары ҚР автожол саласының нормативтік базасын реформалау жұмыстарын жалғастыруда. Мәселен, күні кеше институт қызметкерлері автожолдарды диагностикалау бөлігінде нормативтерді реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Естеріңізге сала кетейік, НТҚ базасын реформалау жұмыстары аясында институт басшылығы нормативтік бағыттар бойынша 7 жұмыс тобын құрды. Қазақстанның жол нормативтік базасының мәселелерін талдау 2023 жылдың II тоқсаны бойы жүргізілетін болады.