Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Нығматжан Қабатайұлы Исингаринге — 85 жас

Бүгін тәуелсіз Қазақстанның алғашқы көлік министрі, есімі еліміздің көлік саласы тарихында айрықша орын алатын мемлекет қайраткері Ниғматжан Қабатайұлы Исингарин 85 жасқа толып отыр.

Оның кәсіби жолы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен мемлекеттік институттарының дамуының маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Ниғматжан Қабатайұлының мол тәжірибесі, терең білімі мен өз ісіне деген адалдығы зор құрмет пен алғысқа лайық.

Осы мерейлі күні Ниғматжан Қабатайұлына зор денсаулық, амандық, отбасына береке, көңіліне жылулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Жанында әрдайым жақындары болып, жүріп өткен жолы мен кәсіби қауымдастықтың құрметі жүрегіне қуаныш сыйласын.

Құттықтауларға қосыла отырып, Қазақстанның көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.