Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Орал қаласында «Ақжайық» тұрғын ауданына дейінгі жол желісін және жаңа көпір өткелін салу жобасының басталуын білдіретін уақыт капсуласын салу рәсімі өтті

Аталған жоба тек қала үшін ғана емес, бүкіл өңірлік көлік жүйесі үшін маңызды инфрақұрылымдық қадам ретінде қарастырылады. Салтанатты іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыстық мәслихат өкілдері, салалық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ «ҚазжолҒЗИ» мен BI Group өкілдері қатысты.

Жобаны іске асыру қажеттілігі Орал қаласындағы халық санының тұрақты өсуімен және тұрғын үй құрылысының, соның ішінде Зашаған кенті бағытында қарқынды дамуымен байланысты. Қолданыстағы жол желісіне түсетін жүктеменің артуы және қосымша көпір өткелінің болмауы соңғы жылдары тұрғындардың қозғалысын шектеп, аумақтың дамуын тежеп келген.

Сонымен қатар, жобаның маңызы тек қалалық инфрақұрылыммен шектелмейді. Жаңа көпір үздіксіз көлік қозғалысын қамтамасыз етіп, «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясының шекарасы» бағыты бойынша «Сырым» өткізу пункті арқылы өтетін транзиттік ағынды арттырмақ. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әзірлеген үш жылдық жоспар аясында айқындалған көлік инфрақұрылымын дамыту мақсаттарына сәйкес келеді.

Жол желісі мен көпір өткелінің құрылысы көлік ағындарын оңтайландыруға, жол жүру уақытын қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және «Ақжайық» ауданын қаланың басқа бөліктерімен тұрақты байланыстыруға мүмкіндік бермек. Аталған жоба «кілтке» қағидаты бойынша іске асырылатын алғашқы тәжірибе болып табылады. Бұл тәсіл жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының бір келісімшарт аясында біріктірілуін көздейді. «ҚазжолҒЗИ» мен BI Group ұсынған бұл тәсіл жобаны іске асыру мерзімдерін қысқартып, оны басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Алдағы уақытта осыған ұқсас модельді Қазақстанның басқа өңірлерінде де қолдану жоспарлануда.