Дүниежүзілік жол қауымдастығы ұйымдастырған жаһандық іс-шара 2-6 қазанаралығында Чехия астанасы Прагада өтеді
PIARC конгресіне 3,5 мыңнан астам жол және көлік саласының мамандары қатысып жатыр. Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған делегацияның құрамына «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының және Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері кірді.
Кезекті конгрессте 2024-2027 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды бекіту жоспарланып отыр. Аталған құжат көлік және жол әкімшіліктерінің қызметі, жол қозғалысы қауіпсіздігі, жаңа материалдар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, ауылдықжерлердегі автожолдарды дамыту және экологиялық проблемалардың шешімдерін іздеу мәселелері бойынша 24 техникалық комитет құруды көздейді. Бұл комитеттердің құрамына отандық сарапшылар кіреді.
Іс-шара аясында 54 семинар ұйымдастырылып, онда жол-көлік кешенінің ең өзекті мәселелері төңірегінде 500-ден астам баяндама жасалады деп жоспарланып отыр.
Дүниежүзілік жол қауымдастығының жұмысына қатысу өте перспективалы қадам. Біріншіден, бұл әлемдік тәжірибені кеңінен қолдануға және еліміздің жол-көлік кешені үшін неғұрлым прогрессивті және экономикалық тұрғыдан орынды шешімдерді бейімдеуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін:
PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы 1909 жылы құрылды. Қауымдастық БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңестерінде консультативтік мәртебеге ие.