30-31 наурыз аралығында "ҚазжолҒЗИ" АҚ Алматы қалалық филиалында "Автомобиль жолдарын салу мен пайдаланудағы озық тәжірибе және жаңа технологиялар" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Курсқа қатысқан 17 тыңдаушы Қазақстанның аймақтарынан жиналған "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ мамандары мен "СОТИС-Групп" ЖШС мамандары болды.
Тыңдаушылар жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар, геосинтетикалық материалдарды қолдану, битумдар мен битум эмульсиялары, жол құрылысында топырақ тұрақтандырғыштары сынды тақырыптар бойынша дәрістермен танысты. Сондай-ақ, мамандар техникалық реттеу, стандарттау және автожол қауіпсіздігі туралы курстан өтті.