Өтетін күні: 2023 жылғы 11-14 желтоқсан
Уақыты: сағ.09:00
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55а, С блогы, конференц-зал, 1 қабат
11-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында ISO/TC 241 «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» халықаралық техникалық комитетінің 17-ші жыл сайынғы отырысы өтеді. Бұған дейін техникалық комитеттің отырыстары Канадада, Швецияда, Қытайда, Жапонияда, Ұлыбританияда және жақында Непалда өткен болатын.
Пленарлық отырысты Қазақстанда өткізудің бастамашысы және іс-шараны ұйымдастырушы«ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Әлібаева ашады. Сонымен бірге ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев, Қазақстан стандарттау және метрология институтының бас директорының м.а. Еркежан Әмірханова, ISO/TC 241төрағасы Вивека Одлен, Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығының атқарушы директоры Мадияр Даурбаев, сондай-ақ бірқатар басқа ұйымның өкілдері сөз сөйлейді.
Сонымен қатар отырысқа Швеция, Оңтүстік Африка, Уругвай, Малайзия, Үндістан және Непалдан 12-ге жуық маман қатысады.
Отырыста автономды көлік құралдарының этикалық хаттамасын және жол қауіпсіздігі бойынша практикалық шешімдерді енгізуді көздейтін 39003 және 39004 сынды екі жаңа стандарт талқыланады.
ISO/TC 241 комитеті автожолдардағы қауіпсіздікке қатысты халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу үшін маңызды алаң болып табылады. Бұған дейін мұндай отырыстар Қазақстанда екі рет қана өткен болатын. Атап айтқанда, 2008 жылы ISO/TC 90 «Табиғи газ», ал 2019 жылы ISO/TC 40 «Теміржол көлігі» тақырыбында отырысы өтті. Біздің аумақта пікірталастар жүргізу және тәжірибе алмасу халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты дамытады және әлемдік стандарттарға белсенді көшуге жәрдемдеседі.
БАҚ өкілдерін ISO/TC 241 отырысына қатысуғашақырамыз.
Аккредиттеу үшін байланыс телефондары: 8 778 673 78 03 (WhatsApp) «ҚазжолҒЗИ» АҚ баспасөз хатшысы Адина Айнаева)