Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың бірыңғай базасы екі бөліммен толықтырылуда. Rcmbase.qazjolgzi.kz базасында жол құрылысына арналған минералды ұнтақ өндірушілер тізілімі және цемент өндірушілер тізілімі пайда болады.
Тізілімдер жол құрылысында қолданылатын минералды ұнтақ пен цемент өндірушілердің тізбесін көрсетеді. Бұл деректер жоба авторлары мен құрылыстағы тапсырыс берушілердің жұмысында қажет.
Осы тізілімге енгізу rcmbase.qazjolgzi.kz сайтында өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.