Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Рекордтық көрсеткіштер: Қазақстанда біліктілікті арттыру курстарынан өткен жолшылар саны өсті

Қазақстанның автожол саласы ұзақ уақыт бойы білікті кадрлардың тапшылығына тап болды. Мамандардың айтуынша, нарықта жыл сайын шамамен 1,5-2 мың білікті кадр қажет, бірақ бейінді жоғары оқу орындары жылына 100-150 түлекті ғана оқытып шығарады. 2024 жылы Қазақстанда біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан автожол саласының мамандары санының айтарлықтай өсімі байқалды.

Біліктілікті арттыру курстары саланың негізгі мәселелерінің бірі болып қала беретін білікті кадрлар тапшылығы мәселесін ішінара шешуге көмектеседі. Жыл басынан бері ҚазжолҒЗИ Құзыреттілікті дамыту орталығында (ҚДО) 550-ден астам адам оқудан өтті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Орталық мамандарының пайымдауынша, аталған өсім ұйымдардың біліктілігі мен жұмыс сапасын арттыру үшін қызметкерлерді саналы түрде курстарға жіберуіне байланысты.

«Жеделдетілген технологиялық прогресті және үнемі өзгеріп отыратын стандарттарды ескере отырып, жол саласының мамандары үшін біліктілікті арттырудың маңыздылығы өсуде. Оқыту бағдарламалары құрылыс сапасы мен жолдарды күтіп ұстауды қамтамасыз ете отырып, жаңа талаптарға бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар 2024 жылы Орталықтың оқу бағдарламалары айтарлықтай қайта қаралды, кеңейтілді және саланың ағымдағы стандарттарына бейімделді. Егер бұрын мамандарға тек жеті тақырыптық курс ұсынылса, биыл тақырыптар саны 30-ға дейін өсті», — деп атап өтті ҚазжолҒЗИ құзыреттілікті дамыту орталығы директоры Гүлжамал Омарова.

Оқу орталығы 2006 жылы Қазақстанның автожол саласы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында құрылды. ҚазжолҒЗИ курстарының тыңдаушылары арасында "теория-практика-зертхана" әдістемесі — теорияның практикалық және зертханалық сабақтармен үйлесуі ерекше бағаланады. Мамандар теориялық аспектілерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар жол учаскелеріне бару және зертханалық сынақтарға қатысу арқылы алған білімдерін іс жүзінде тексеруге мүмкіндік алады. Оқытушылар, үлкен жұмыс тәжірибесі бар өндірушілер көшпелі сабақтар өткізеді, бұл оқытуды нақты жұмыс жағдайларына барынша жақындатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кадр тапшылығы проблемасын шешу мақсатында 2024 жылы жағдайды жақсарту үшін жол мамандарын даярлауға мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінді. Сондай-ақ биыл ҚазжолҒЗИ автожол саласының барлық білікті қызметкері туралы ақпаратты біріктіретін Jolshy цифрлық деректер банкін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл платформа жұмыс берушілерге қызметкерлерді тәжірибесіне, біліктілігіне және біліктілікті арттыру сертификаттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді әрі кадрларды тезірек және тиімді іздеуге ықпал етеді.