2024 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында «ҚазжолҒЗИ» АҚ «Ресурстық әдісті қолдана отырып, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау кезіндегі баға белгілеу және смета ісі» курстары өткізілді.
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау құнын айқындау тәртібін, машиналар мен материалдарды пайдалану бойынша сметалық есептерді, еңбек шығындарының сметалық бағаларын зерделеуді, сондай-ақ ABC-KZ 2024.8 нұсқасының тәртібіне сәйкес сметалық есептерді жасауды қамтиды.