Заң мен Тәртіп
Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
АҚШ және «ҚазжолҒЗИ» АҚ сарапшылары Superpave технологиясы бойынша оқыту курсын өткізеді

2026 жылғы 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында Алматы қаласында битумды тұтқыр материалдарды пайдалану сипаттамалары бойынша жіктеу (PG) және Superpave жүйесі бойынша асфальтбетон қоспаларын көлемдік жобалау тақырыбында кәсіби оқыту курсы өтеді.

🛣️ Курс «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары мен АҚШ сарапшыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Бағдарлама халықаралық ғылыми-практикалық тәжірибені қамтып, Superpave технологиясын Қазақстан жағдайында енгізу мәселелерін қарастырады.

Негізгі спикерлер қатарында: Modified Asphalt Research Center (АҚШ) өкілі, профессор Хуссейн Бахия және Asphalt Institute (АҚШ) өкілі, доктор Боб Макгеннис.

📌Курс аясында қатысушылар битумды тұтқыр материалдарды PG жүйесі бойынша жіктеудің халықаралық тәсілдерімен, Superpave жүйесі бойынша асфальтбетон қоспаларын көлемдік жобалау қағидаттарымен, сондай-ақ аталған технологияны Қазақстанда енгізудің практикалық аспектілерімен, қолданыстағы стандарттармен және оны одан әрі дамыту перспективаларымен танысады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «ҚазжолҒЗИ» АҚ және «ИнДорТех» ЖШС. Өтетін орны: «ИнДорТех» ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қастеев көшесі, 1В.