Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты оқу орындарымен ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Жыл сайын студенттер ғылыми институт қабырғасында өткізетін тәжірибесінің аясында меңгерген білімдерін тексеріп, кәсіби әлеуетін арттыруға және аға буын өкілдерімен жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
"Жас мамандар саланың негізгі қозғаушы күші, сондықтанда мамандарды тәрбиелеу бойынша жұмыстардың өзектілігі мен маңыздылығы жоғары. Әсіресе қазір, саладағы жастар үлесінің тапшылығын ескерсек, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырудың маңыздылығы артып отыр”, - деп атап өтті "ҚазжолҒЗИ" АҚ сынақ зертханасының жетекшісі Мейрамгүл Қабдығалиева.
Суретте: Көлік және коммуникация жоғары колледжінің, "Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы" факультетінің студенттері. Қазіргі уақытта институт қабырғасында Л. Н. Гумилева атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және Көлік және коммуникацияның жоғары колледж студенттері өндірістік тәжірибеден