Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы "ҚазжолҒЗИ" АҚ жұмысын бастады.
Бір ай ішінде топ келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізетін болады:
- Талдау объектісінің қызметін қозғайтын ішкі нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: 1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау; 2) мүдделер қақтығысын реттеу; 3) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу; 4) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу; 5) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау;
- қоғамның интернет-ресурсында, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпаратты жариялау.