«ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары саласында ұлттық стандарттау жүйесін дамыту жұмысын жалғастыруда. Стандарттау жөніндегі № 42 «Автомобиль жолдары» техникалық комитетінің (ТК 42) қызмет аясы мен құрамының жаңартылуы осы бағыттағы маңызды қадам болды.
🔹Бүгінде ТК 42 заманауи жол инфрақұрылымын дамытуға байланысты әлдеқайда кең ауқымды бағыттарды қамтиды.
Оның қызмет аясына мына бағыттар бойынша стандарттау кіреді:
- жол-құрылыс материалдары және геотекстиль;
- битумды материалдар және өзге де мұнай өнімдері;
- бетон және бетоннан жасалған бұйымдар;
- дренаж жүйелері;
- жол жабдықтары;
- автомобиль жолдарының, көпірлер мен тоннельдердің құрылысы.
Қызмет аясының кеңеюі жол саласының заманауи сын-қатерлерін кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді: материалдар мен технологияларға қойылатын талаптардан бастап жол инфрақұрылымы объектілерін салу, жайластыру және пайдалану мәселелеріне дейін.
📝ТК 42 кәсіби диалог пен бірлескен жұмыс алаңы болып табылады. Мұнда автомобиль жолдары саласындағы ұлттық стандарттардың жобалары, техникалық регламенттерге енгізілетін өзгерістердің жобалары және сала үшін өзекті басқа да мәселелер қаралады. Ғылым, өндіріс және кәсіби қоғамдастық өкілдерінің қатысуы сараптамалық тәжірибені біріктіруге және салмақты шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.
ТК 42 құрамын өзектендіру комитеттің сараптамалық әлеуетін нығайтуға және автомобиль жолдары саласының түрлі бағыттарындағы мамандардың қатысуын кеңейтуге бағытталған.
✅Нормативтік-техникалық базаны дамыту жол инфрақұрылымын сапалы әрі тұрақты дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. «ҚазжолҒЗИ» АҚ сараптамалық қоғамдастықты біріктіру, стандарттау жөніндегі құжаттарды жетілдіру және Қазақстан Республикасы автомобиль жолдары саласының қажеттіліктеріне сай заманауи талаптарды қалыптастыру жұмысын жалғастырады.
Автомобиль жолдары саласындағы барлық мүдделі ұйымдарды ТК 42 жұмысына қатысуға шақырамыз!