Ғылым қызметкерлерінің күнінде Қазақстан Республикасының жол-құрылысы саласындағы үздік инновациялық әзірлемелер байқауының қорытындысы өткізілді. Іс-шара Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының 65 жылдық мерейтойын атап өту аясында ұйымдастырылды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 40-тан астам инновациялық жоба қатысты, ал олардың үздіктері 12-ші сәуір Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күнінде өз жұмыстарын комиссияның алдында Астанада қорғап шығуға мүмкіндік алды.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстардың ішінде жол құрылысында өндірістік қалдықтарды пайдалану, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, битумды модификациялау және тағы сол сынды жобалар болды.
Конкурсқа ұсынылған үздік жұмыстар Қазақстанның жол-құрылыс салаларында өз жобаларын одан әрі іске асыру үшін мүмкіндік алмақ.