Елімізде жол саласындағы жоғары білімі бар мамандардың жетіспеушілігі сезілуде. Осыған байланысты, біздің мамандар логистика және көлік академиясының базасында "WorkFest" студенттік бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Жас мамандарға институт жұмысын "ҚазжолҒЗИ" АҚ Алматы филиалының директоры және зертхана меңгерушісі таныстырды.
Жәрмеңке студенттерге компания өкілдерімен тез сұхбаттасуға ғана емес, сонымен қатар олардың дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін Speed Recruiting форматында ұйымдастырылды. Белсенді студенттерге жұмыс берушілерден талондар беріліп, ең белсенді қатысушылар құнды сыйлықтарға ие болды.