«Автомобиль жолдарына арналған заманауи материалдар мен технологиялар» ақпараттық айдары аясында жолдарды күтіп ұстау мен жөндеу тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер туралы жарияланымдар сериясын жалғастырамыз.
Бұл материалда жөндеу қоспалары, соның ішінде жол жамылғысындағы ақауларды жедел жоюда кеңінен қолданылатын материалдардың бірі – суық асфальт қарастырылады.
Сондай-ақ суық қоспалардың рөлі, ерекшеліктері мен қолдану салалары талданады. Жөндеу қоспалары – жолдарды жедел күтіп ұстау элементі Автомобиль жолдарын пайдалану барысында көлік жүктемесі мен климаттық факторлардың әсерінен жабын бетінде шұңқырлар, жарықтар және жоғарғы қабаттың бұзылуы сияқты ақаулар пайда болады.
Әсіресе бұл үдерістер өтпелі кезеңдерде, соның ішінде көктем мезгілінде күшейеді, себебі жол конструкцияларына ылғал мен температура ауытқулары әсер етеді.
Жөндеу қоспалары, оның ішінде суық асфальт, келесі мақсаттарда қолданылады:
- шұңқырлар мен жергілікті зақымдарды жедел жою;
- көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жабынның әрі қарай бұзылуын болдырмау;
- күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін жолдың пайдалану жағдайын сақтау.
Суық асфальттың ерекшеліктері
Суық асфальт – алдын ала қыздыруды қажет етпейтін, қолдануға дайын қоспа.
Негізгі ерекшеліктері:
- төмен температурада қолдану мүмкіндігі;
- тасымалдау және сақтау қарапайымдылығы;
- күрделі жабдықсыз қолдануға дайын болуы;
- қысқа мерзімде жұмыс орындау мүмкіндігі.
Бұл қасиеттер суық асфальтты авариялық және маусымдық жөндеу үшін тиімді шешім етеді.
Жөндеу қоспаларының негізгі түрлері
Жол шаруашылығы тәжірибесінде әртүрлі жөндеу материалдары қолданылады:
- Суық асфальтбетон қоспалары – қолайсыз ауа райы жағдайларында да шұңқырларды жедел жөндеуге пайдаланылады;
- Құймалы және суық эмульсиялық қоспалар – жарықтар мен шұңқырларды жөндеуге, сондай-ақ жұқа қабаттар төсеуге қолданылады;
- Полимермен модификацияланған құрамдар – жоғары жүктемелерге төзімділік пен жөндеудің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.
Нақты материалды таңдау зақым түріне, ауа райы жағдайына және жөндеудің қызмет ету мерзіміне қойылатын талаптарға байланысты.
Қолданудың практикалық әсері
Әлемдік тәжірибеде суық жөндеу қоспалары жол желісін жедел күтіп ұстаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Олардың негізгі тиімділігі – ақауларды жылдам жою және олардың одан әрі ұлғаюының алдын алу. «Жөндеу қоспаларын уақтылы қолдану жабынның бұзылу қарқынын айтарлықтай төмендетіп, автомобиль жолдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді», – деп атап өтеді сала мамандары.
Қазақстанның климаттық жағдайындағы өзектілігі
Қазақстан Республикасы жағдайында суық жөндеу қоспалары ерекше сұранысқа ие, себебі:
- қыс мезгілі ұзаққа созылады;
- температураның 0 °C арқылы жиі ауысуы байқалады;
- көктемде шұңқырлардың қарқынды пайда болуы;
- жол қызметтерінің жедел әрекет ету қажеттілігі.
Суық асфальтты қолдану тұрақты оң температураны күтпей-ақ, қысқа мерзімде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Өндірушілер мен шешім әзірлеушілер
Нарықта отандық және шетелдік өндірістің түрлі жөндеу қоспалары ұсынылған. Олардың құрамы байланыстырғыш түріне, қоспаларға және пайдалану сипаттамаларына қарай ерекшеленеді.
Материалдарды таңдау сынақ нәтижелеріне, қолдану шарттарына және нормативтік құжаттар талаптарына негізделуі тиіс. Материал өндірушілері мен жеткізушілерінің тізімімен мына сайттан танысуға болады: https://rcmbase.qazjolgzi.kz