Жол белгілеріне арналған бояуларды конкурстық сынақтан өткізу аясында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 26-27 шақырымындағы сынақ алаңына аралық тексеру жүргізілді.
Құрамына «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «ЖАҰСО» РМК және «KАЖсервис» ЖШС өкілдері кірген комиссиялық тексеруді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Алматы филиалының директоры Ерембаев Өмірзақ басқарды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жарияланған конкурстық сынақтардың қорытындысы үш айдан кейін белгілі болады. Ал өнімі сынақтан өтпеген өндірушілерге rcmbase.kz дерекқорында төмен рейтинг беріліп, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға жіберілмейді.