"ҚазжолҒЗИ" АҚ қызметкерлері карьерлерден алынған материалдардың сынамаларын институттың ғылыми-сынақ зертханасында зерттейтін болады.
Институт қазіргі уақытта Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының 9 карьерінде сынама алу және зерттеу жұмыстарын аяқтады.
Өз кезегінде Ақмола облысы бойынша Зеренді ауданында бес карьерде зерттеу жұмыстары аяқталып, іріктеліп алынған материалдар сынақ жұмыстары үшін зертханаға жеткізілді. Келесі кезекте - Аршалы және Целиноград аудандары тұр. Ақмола облысы бойынша зерттеуді келесі айдың басында аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, карьер материалдары туралы ақпарат цифрландырылып, жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасына енгізілетін болады.
Бірыңғай базаның деректері жолдарды жобалау және салу кезінде пайдаланылатын болады.