«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы Алматы қаласында 2023 жылдың 4-21 қыркүйек аралығында ақылы негізде өткізілетін «Жол-құрылыс материалдары мен жұмыстардың сапасын бақылау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды қабылдау туралы хабарлайды. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі. Курстарды өту үшін «ҚазжолҒЗИ» АҚ Президентінің атына тыңдаушылар санын, аты-жөнін, лауазымын, ұйымның пошталық және банктік реквизиттерін, басшының аты-жөнін, байланыс телефондарын, электрондық мекенжайын көрсете отырып өтініш беру қажет.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ бас кеңесі: Астана қ., Жекебатыр к-сі, 35.
Телефондары: Оқу орталығы 8(7172)72-98-42, +77021630105.
E-mail:kense@qazjolgzi.kz, g.umarova@qazjolgzi.kz.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ филиалы: Алматы қ., ул. Нурпеисова, 2а. Телефондары: қабылдау бөлімі 8(727)246-33-67, Оқу орталығы 8(727)246-33-75, +77017502187. E-mail: filial.kazdornii@inbox.ru; v.kurapova@kazdornii.kz