Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
«Жол құрылысы: ғылым және бизнес» форумы

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, cіздерді «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ базасы негізінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қ., Шевченко 97 көш., Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінің бас ғимаратында өтетін «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» іс-шарасына қатысуға шақырады.

Іс-шараның мақсаты:

  • Автомобиль жолдары саласындағы ғылыми зерттеулердің даму келешегін анықтау.
  • Ғылыми қауымдастық пен бизнес өзара іс-қимыл жасайтын алаңды құру.
  • Жол құрылысы, заманауи жол технологиясы мен материалдарына нәтижелерді және зерттеулерді енгізуге ықпал ету.

Қатысу артықшылықтары:

  • Коммерцияландыруға арналған дайын технологиялар мен материалдарыңызды әлеуетті инвесторлар мен салалық органдарға ұсыну мүмкіндігі.
  • Сіздің әзірлемелеріңізді одан әрі коммерцияландыру үшін байланыс орнату және инвестицияларды тарту.

Іс-шараға ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған баяндамашы ретінде қатысу үшін 2024 жылдың 20 тамызына дейін аяқталған ғылыми зерттеулеріңіздің презентациясын дайындап, төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScKjZVEUpiYqhiraMKWLAOgjKoK1L_7j6VwO3xPMAOaekKhug/viewform

Іс-шараға тыңдаушы және форсайт сессиясының қатысушысы ретінде қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfywzKCN-O6wAwvL6qCwyf9S_92JgRcfanuASksltDnt7KjVA/viewform?usp=sf_link

Қосымша ақпарат алу үшін Ғылым басқармасына хабарласыңыз: +7 (7172) 72 98 19, + 7 705 343 0953 Смагулова М.К.

Қосылыңыз және Қазақстанның автожол саласының болашағына өз үлесіңізді қосыңыз!

Байланыс үшін: М. Смагулова Электронды пошта: m.smagulova@qazjolgzi.kz