«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, Сіздерді 2024 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» іс-шарасына қатысуға шақырады.
Іс-шараның мақсаты: • Автомобиль жолдары саласындағы ғылыми зерттеулердің даму келешегін анықтау. • Ғылыми қауымдастық пен бизнес өзара іс-қимыл жасайтын алаңды құру. • Жол құрылысы, заманауи жол технологиясы мен материалдарына нәтижелерді және зерттеулерді енгізуге ықпал ету.
Қатысу артықшылықтары: • Коммерцияландыруға арналған дайын технологиялар мен материалдарыңызды әлеуетті инвесторлар мен салалық органдарға ұсыну мүмкіндігі. • Сіздің әзірлемелеріңізді одан әрі коммерцияландыру үшін байланыс орнату және инвестицияларды тарту.
Іс-шараға қатысу үшін 2024 жылдың 10 тамызына дейін веб-сайтта көрсетілген үлгі бойынша аяқталған ғылыми зерттеулеріңіздің презентациясын дайындап, мына сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScKjZVEUpiYqhiraMKWLAOgjKoK1L_7j6VwO3xPMAOaekKhug/viewform
Қосымша ақпарат алу үшін Ғылым басқармасына хабарласыңыз: +7 (7172) 72 98 19, + 7 705 343 0953 Смагулова М.К.
Қосылыңыз және Қазақстанның автожол саласының болашағына өз үлесіңізді қосыңыз!
Байланыс үшін: М. Смагулова Электронды пошта: m.smagulova@qazjolgzi.kz