ҚазжолҒЗИ болашақтың сын-қатерлерін, экономиканың нақты секторының технологиялық міндеттерін және өңірлердің қажеттіліктерін шешуге бағытталған ғылымның перспективалық бағыттарын талқылау үшін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы ұйымдастырған форсайт-сессияға қатысты.
ҚазжолҒЗИ мамандары өзекті міндеттерді айтып, оларды ғылыми жобаларды нысаналы қаржыландыру бағдарламаларына енгізу бойынша ұсынымдарды бере отырып, жол саласын зерттеудің басым бағыттарын ұсынды. Форсайт-сессияда жаһандық және отандық трендтер, сын-қатерлер мен кедергілер, перспективалы технологиялар талқыланды. Қатысушылар озық отандық әзірлемелерді енгізу арқылы индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін ғылымға арналған міндеттердің тақырыптары бойынша ұсыныстар әзірледі.
Форсайт-сессияға жетекші ғалымдар, Қазақстанның салалық қауымдастықтары мен индустриясының өкілдері қатысты. Форсайт-сессиялардың нәтижелері гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басымдықтарын қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады. Бұл сессия ҚазжолҒЗИ қоса алғанда, жол ғылымының дамуына ықпал етеді және еліміздің жол инфрақұрылымын жақсарту үшін ғылыми зерттеулердің маңыздылығын атап көрсетеді.