Алматыда жол құрылысы саласына жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша қазақстандық журналистермен танысу кездесуі өтті.
Баспасөз туры барысында жас ғалымдардың соңғы әзірлемелері, сондай-ақ, Қазақстанның жол саласы үшін Институт құрған прототиптер мен дайын ақпараттық жүйелер ұсынылды.
Атап айтқанда, журналистерге ең күтілетін жаңалық, ҚазжолҒЗИ-дың ерекше мақтанышы - биылғы шілдеде пилоттық режимде іске қосылған Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы көрсетілді.
Содан кейін біз Қонаев-Күрті тасжолындағы тәжірибелі телімге бардық, онда БАҚ қызметкерлеріне ғалымдардың жаңа әзірлемелерін тәжірибе барысында қолдану үдерісі көрсетілді. #qazjolgzi