Mostbet букмекердик кеңсеси – бул Кыргызстандагы ар кандай онлайн казино оюндарында бактыңызды сынап көрүүгө же спорттук коюмдарды коюуга боло турган алдыңкы платформа. Бул бонустардын кеңири спектри, жогорку коэфициенттери, бекер коюмдары, бекер айлануусу жана акчаны тез алуу менен ишенимдүү букмекердик кеңсе. Веб-сайттан сиз мобилдик тиркемени жүктөп алып, оюндан дагы жакшы эмоцияларды ала аласыз!
Жол таңбалауға арналған материалдар конкурстық сынақтан өтті

Бұл іс-шара отандық жол таңба материалдары өндірушілері арасында өткізілді. Өнімі конкурстық сынақтан өтпей, рейтингі төмен деп танылған өндірушілер мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатыса алмайды.

Іс-шара жол қозғалысы қарқындылығы мен күтіп-ұстау шарттары бірдей республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез күре жолының 26-27 шақырымдарында орын алды. Алдағы уақытта дәл осындай конкурстық сынақ еліміздің солтүстігінде де өткізіледі.

«ҚазжолҒЗИ» ғалымдары жол таңбалауға арналған материалдардың қаншалықты нормативке сәйкес келетінін зерттеуде.

Конкурс қорытындысына сәйкес жол таңба бояуын өндірушілердің рейтингі жасақталады. Оны ғалымдар Rcmbase.kz "жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың бірыңғай базасына" орналастыруды көздеп отыр. Өз кезегінде, өнімі конкурстық сынақтан өтпей, рейтингі төмен деп танылған өндірушілер мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатыса алмайды.

Мамандар күре жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатымен құрылыс материалдарын конкурстық сынақтан өткізіп, рейтинг әдісін құрылыс пен күтіп-ұстаудың барлық кезеңдерінде қажет материалдарға қолданбақ.