"ҚазжолҒЗИ" АҚ Алматы қалалық филиалы "Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздігі" тақырыбында курстар өткізді.
Курсқа "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ филиалдарының және "СОТИС-Групп" ЖШС-нің сегіз аймақтан жиналған инженерлік-техникалық қызметкерлері қатысты.
Үш күндік оқыту шеңберінде білім алушылар автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардағы қозғалыс қарқындылығын есепке алу және талдау, тайғаққа қарсы күрес әдістері және пайдаланылатын көктайғаққа қарсы материалдар, автомобиль жолдарын диагностикалау мен паспорттаудың заманауи әдістері және т.с.с. тақырыптар бойынша қосымша білім алды.
"Еліміздің ауа-райының ерекшеліктеріне, жолдардың қарқындылығы мен санатының жыл сайынғы өсуіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады. Курстарда біз әртүрлі жол жағдайларындағы жолдың қауіпсіздігін ұйымдастырудың нормативтері мен регламенттері және инновациялық әдістері туралы айтып, көрсетеміз", - деп атап өтті "ҚазжолҒЗИ" АҚ автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын диагностикалау бөлімінің басшысы А.Байбатыров.