"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында ҚазжолҒЗИ қызметкерлері сенбілікке шықты.
Акция аясында тек төрт сағаттың ішінде жолшы-ғалымдар 280 қап қоқысты астаның жанындағы Талапкер мен Қажымұқан ауылдарын жалғайтын тас жолының бойынан жинап шықты.
Жол бойында жол пайдаланушылары көліктерінің терезелерінен жиі тастайтын бос пластик және қаңылтыр бөтелкелер мен темекі тұқылдары кездеседі. Сонымен қатар жақын маңдағы ауыл тұрғындарының жол бойында қалдырып кеткен тұрмыстық және құрылыс қоқыстарыда бар.
Естеріңізге сала кетейік, жоғары қарқындылықтағы автобанда жолда жатқан немесе желмен ұшып келген қоқыс пайдаланушылардың қауіпсіздігіне айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.
"Осыған байланысты, құрметті пайдаланушылар! Сізден жолдағы жол мәдениеті мен тазалығын сақтауыңызды және қоқысты тек белгіленген орындарға тастауларыңызды сұраймыз. Біздің мәдениетіміз бен этикамыз-біздің қауіпсіздігіміздің кепілі! Жолдарыңыз ашық болсын!"