Елімізде жылдың басынан бастап жол саласындағы мамандар арасында біліктілікті арттыру курстарына қызығушылықтың айтарлықтай өсуі байқалады. Тоғыз айдан кем уақыт ішінде 300-ге жуық жол маманы «ҚазжолҒЗИ»-дің Құзыреттілікті дамыту орталығына біліктілігін арттыру үшін жүгінген. Былтыр Институт бұл көрсеткішке тек жыл соңына қарай ғана жеткен болатын.
«Жолшылар соңғы әзірлемелерден хабардар болуы керек. Технология мен жаңалықтар бір орында тұрмайды, күн сайын жаңа шешімдер табылады, ал нормативтер халықаралық стандарттарға сәйкес өзектендірілуде. Сондықтан біз жолдың жоғары сапасына қол жеткізгіміз келсе, мамандардың біліктілігін үнемі арттырып отыруымыз қажет. Салалық білімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұрын біздің курстар 25 бағытты қамтыса, қазір олардың саны 33-ке жетті. Сонымен қатар, біз тапсырыс берушілердің сұранысына қарай, жаңа тақырыптармен курстар өткізе аламыз. Онлайн және офлайн сабақтардан тыс, бізде тапсырыс берушінің орналасқан жерінде көшпелі курстар өткізуде қарастырылған», - деді техникалық ғылымдар кандидаты — «ҚазжолҒЗИ» Құзыреттілікті дамыту орталығының директоры Гулжамал Умарова.
Автожол саласындағы кадрлар тапшылығы проблемасын шешу мақсатында «ҚазжолҒЗИ» АҚ өткен жылы жол саласы мамандарының цифрлық банкін құрды. Jolshy жолшылар базасында барлық сала мамандары, соның ішінде біліктілік, жұмыс тәжірибесі және біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы туралы ақпарат қамтылған. Жұмыс берушілер үшін қажетті кадрларды іріктеуге мүмкіндік қарастырылған.
Қазіргі таңда базаны толтыру және оны басқа мемлекеттік жүйелермен біріктіру жұмыстары жүргізілуде. База жыл соңына дейін қолданысқа енгізіледі деп күтілуде.